Фото: ашық дереккөз
Алмалы аудандық соты қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Б. Әлібековті жеті жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ult.kz.
"Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп беруге бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазады Антикор.
Сондай-ақ, сот кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салды.
Орталық кеден зертханасы - Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ведомстволық бағынышты ұйым. Мекеме кеден арқылы өтетін тауарларды тексереді, сонымен қатар контрабандамен күресуге және нарықты қауіпті тауарлардан қорғауға көмектеседі.