Швед футболшысы Златан Ибрагимович карьерасын италиялық "Миланда" жалғастырады, - деп хабарлайды РИА Новости.
The Telegraph мәліметінше, 38 жастағы форвард "россонеримен" еңбек келісімінің шартын мақұлдасқан. Қарашада Ибрагимович MLS-те өнер көрсететін "Лос-Анджелес Гэлакси" клубымен келісімшартты үзген еді. Бұл клубта ол 2018 жылдан бері ойнаған.
Бұған дейін италиялық БАҚ "Милан" Ибрагимовичтің оралғанын 15 желтоқсанда хабарлайтынын жазған еді. Сол күні миландық клубтың құрылғанына 120 жыл толады.
Ибрагимович "Милан" сапында 2010-2012 жылдар арасында ойнап, 85 матчта 56 гол соққан. "Милан" сапында Италия чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп алған болатын.