#
#
Бейсенбі 06/08/2020

Жыл соңына дейін интернетті пайдалана алатын халық саны 99,3 пайызға жетеді

  • 06.06.2020
  • 0
  • 233

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл Қазақстандағы 6 341 ауылдың 5 163-і интернетпен қамтылатынын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінгі таңда, елімізде 118 қаланың тұрғындары (бұл шамамен 11 миллион адам) және 4 235 ауылдық елдімекен (бұл тағы 7 млн адам) ұтқыр кеңжолақты (ҰКЖҚ) интернетті пайдалана алады. Осылайша, халықтың 96 пайызы ҰКЖҚ-мен қамтамасыз етілген. 2020 жылдың соңына қарай тұрғын саны 250 және одан асатын халқы бар ауылды елдімекенде 3G/4G ұялы байланыс желілерін салу жобасының шеңберінде 928 ауылдағы 600 мыңнан астам тұрғынды (барлық халықтың 3,3 пайызы) ҰКЖҚ интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда», - деп жауап берді министрлік ресми сауалға. 

Аталған жобаны іске асырудың арқасында 6 341 ауылдың 5 163-і интернетпен қамтылады. Жалпы 2020 жылдың соңына қарай 3G және 4G ұялы байланыс желілерін салу арқылы интернетпен қамтылған халықтың үлесі 99,3 пайызды құрамақ.

Министрліктің жауабына сүйенсек, қазіргі кезде телекоммуникация саласын дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан ауылдарының халқын кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету болып отыр.

«Халықаралық электр байланысы одағының әдістемесіне сәйкес, «кеңжолақты интернет» ұғымы интернетті 256 кбит/с немесе одан жоғары жылдамдықпен пайдалану дегенді білдіреді. Қазақстанда кеңжолақты интернет сымды (ADSL – 10 мбит/с, FTTН – 100 мбит/с) және сымсыз (3G – 7,2 мбит/с, 4G – 100 мб/с) технологиялары арқылы ұсынылады. Қазіргі уақытта халық саны 50 және одан астам ауылдық елді мекендер жылдамдығы 512 кбит/с болатын CDMA технологиясы арқылы интернетке қол жеткізе алады. Алайда бұл жылдамдық деңгейі ауыл халқының қажеттіліктерін қанағаттындырмайды. Осыған байланысты, министрлік ауыл халқының цифрлық теңсіздігінің алдын алу мақсатында бірқатар жобаны іске асыруда», - деп хабарлайды министрліктен. 

Еске сала кетсек, жақында ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл интернет тартылатын 928 ауылдың тізімін жариялаған болатын. Биыл интернет тартылатын 928 ауылдың тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар