Америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жеңетініне сенімді, - деп хабарлайды Los Angeles Times.
"Залда қалып, Құдайдан маған мүмкіндік беруін сұрап жалбарындым. Енді осы мүмкіндікті толықтай қолданамын. Мәселе ақшада емес, мұнда басты назарда менің қандай боксшы екенім, қандай бокс тарихым болатыны. Мен ешқашан жеңілмеймін, 100 пайызға бар мүмкіндігімді қолданамын. Мен жеңемін. Жұрт сұмдықтың куәсі болады, мен мұның қалай боларын білемін", - деп мәлімдеді Мартиросян.
Мұның алдында Головкиннің командасы келесі қарсыластың Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) екенін жария еткен еді. Кездесу 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсон қаласының StubHub Center аренасында өтеді. Билеттер сатылымға бүгін түседі.
31 жастағы Мартиросян Арменияда туған, жеті жасында отбасымен АҚШ-қа көшкен. 2001 жылы ол АҚШ-тың атынан Афинадағы Олимпиадаға қатысып, екінші айналымда шығып қалған. Бұдан кейін Мартиросян кәсіпқой боксқа ауысқан.