17 қаз, 2025 сағат 12:47

Жұлдыз Әбдікәрімова кіші ұлының немен ауыратынын айтты

Фото: видеодан скриншот

Актриса әрі әнші, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова кіші ұлын жоспарлы тексеріске клиникаға апарғанын көрсетті, деп жазады Ult.kz.

Оның айтуынша, баласы Ханға кішкентайынан астигматизм диагнозы қойылған, сол себепті оны дәрігерлер тұрақты бақылауда ұстайды.

«Хан бес жасынан көзілдірік тағады – астигматизм. Алты ай сайын тұрақты түрде тексеріліп тұрамыз. Міне, бүгін кезекті рет тексерілуге келіп тұрмыз. Бізге қосымша қан тапсыру керек деді. Қан талдаудың нәтижесі бойынша, қандай дәрумендер ішу керек, оны да бізге айтады», – деді Жұлдыз.


Сонымен қатар, ол ата-аналарға бала денсаулығына немқұрайлы қарамауға кеңес берді. Оның пікірінше, ауруды асқындырмай тұрып алдын алу әлдеқайда тиімді.

«Жалпы баланы жарты жыл сайын check-up жасатып тұру керек. Мен Ханды міндетті түрде өткізіп тұрамын, өйткені әлі кішкентай, 11 жасқа енді толады, алдын алған дұрыс деп ойлаймын. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс», – деді ол.