Маусым айының соңына қарай Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебі кезінде осындай мәлімет берді.
«Киелі туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусым айының соңына қарай Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Министрдің сөзіне сенсек, шілде айында Шығыс Қазақстан облысында «Абай жолымен» атты ақпараттық тур өткізу жоспарланып отыр.