22 қаң, 2024 сағат 15:15

Жолсерік әуеден қызғылт түсті "НЛО-ны" түсіріп алған

видеодан үзінді

Мажарлық Wizz Air лоукостерінің стюардессасы қызғылт "НЛО-ны" (беймәлім ұшатын нысандар) видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz сайты.

Оқиға Польшада Лутоннан Сызманыға ұшқан кезде болған. Дениз Танасе есімді стюардесса қызғылт түсті белгісіз ұшатын объектіні видеоға түсіріп үлгерген.

Ол видеоны бірден ұшқыштарға көрсеткен. Дегенмен видеоны көрген ұшқыштар аң-таң болған. Себебі әуеде ешқандай ерекше нысанды көрмеген. Олар стюардессаның қызғылт униформасының түсі ұшақ терезесіне шағылысқан деген болжам жасады.

"Бұрын ғаламтордан осындай материалдарды көріп, фотошоп шығар деп ойлайтын едім. Осы жолы өзім видеоға түсіріп алдым. Бұдан былай "НЛО-ның" бар екеніне кәміл сенетін болдым", - деп түйіндеді ол.