30 сәу, 2020 сағат 08:25

Жітіқарада коронавирус жұқтырған 4 адам тіркелді

Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын тағы 4 адамның жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

COVID-19 инфекциясын 1962, 1975 және 1990 жылғы әйел адамдар жұқтырған. Сонымен қатар 2009 жылғы оқушы қыздан да табылды.

Олар бұған дейін коронавирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған. 14 сәуірден бастап олар карантиндік стационарда болды. Екінші қайтара тексерген кезде ПТР зерттеуі вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сай жүргізіледі. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

30 сәуірда таңертең Қостанай облысында COVID-19 инфекциясы 49 адамда анықталды, олардың ішінде 3 адам сауығып шықты.