07 мам, 2020 сағат 08:49

Жітіқара қаласында 4 адамнан коронавирус анықталды

Жітіқара қаласында 4 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" жедел штабқа сілтеме жасап.

«Жітіқара қаласында коронавирусты жұқтырған 4 адам тіркелді. Олар 1981, 1987 және 1991 жылғы ер кісілер мен 1996 жылғы қыз. Аталған азаматтар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған», - делінген таратқан ақпаратта. 

Қазіргі уақытта індет жұқтырғандардың бәрі Жітіқара аудандық орталық ауруханасында жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, тиісті ем шараларын алып жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Осы азаматтармен байланысқан тұлғалар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. 

Еске салсақ, 15 сәуір күні пневмония диагнозымен түскен 1945 жылы туған Жітіқара қаласының тұрғынынан КВИ анықталып, көз жұмды. 

Кейін Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник індеттен көз жұмған пациентке қатысты мән-жайды баян етті.