11 нау, 2026 сағат 16:39

Жетісу облысында құтқару операциясы кезінде құтқарушы қаза тапты

Фото: ТЖД

ТЖД хабарлауынша, 7 наурызында Алтынкөл көлінде балық аулау кезінде мұз жарылғаны туралы хабар түскен. Салдарынан бір ер адам бөлінген мұзда қалып, су қоймасының ортасына ағып кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылар келіп көмек көрсеткен. Алайда мұз тағы да жарылып,  Панфилов ауданы ТЖ бөлімінің № 11 өрт бөлімі қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов мерт болды. 

Айта кетейік, Дамир Таранов 1994 жылдың 28 маусымында дүниеге келген. 2012 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесінде қызмет атқарған.