29 сәу, 2026 сағат 17:39

Астанада мас тракторшы тротуармен қашты


Фото: Бейнежазбадан

Астанада тротуармен жүйткіген көк трактор әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Белгілі болғандай, жүргізуші мас күйде полициядан қашуға тырысқан, деп хабарлайды Ult.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол полицейлердің заңды талабына бағынбай, жағдайды одан әрі ушықтырған.

Полиция өкілдері мұндай әрекеттің аса қауіпті екенін ескертіп, азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Сот шешімімен құқық бұзушы 18 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ал трактор айыппұл тұрағына қойылды.