Фото: freepik.com
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Отырар ауданында атасы немересін зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл жағдайға байланысты Түркістан облысы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, баланың анасы ұлына қатысты зорлық болуы мүмкін екенін айтып, арызданған. Осыған сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.
Алайда алғашқы тексеру нәтижесінде заңсыз әрекеттердің нақты белгілері анықталмаған. Сондай-ақ баланың денесінен ешқандай жарақат табылмаған.
Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін қосымша сараптамалар жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң, заңға сәйкес шешім қабылданады.
Полиция өкілдері істің мән-жайына қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін айтып, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
