28 сәу, 2026 сағат 14:04

«Домбыра – харам» деген видео: Ақтөбеде ер адам қамауға алынды

Фото: ethnopetersburg.ru 

Ақтөбе облысында әлеуметтік желіде «домбыра – харам» деп мәлімдеген ер адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Ult.kz.

Күдікті жариялаған бейнежазбада ішекті музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыраны да тыйым салынған деп атаған. Бұл пікір қоғамда үлкен наразылық тудырды.

Полиция мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілерде діни негізде араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған материалдар жариялаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.