#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Жетісайлық кәсіпкерлер ауруханаларға жасанды тыныс алу аппаратын алып беруде

  • 10.07.2020
  • 0
  • 198

Түркістан облысы, Жетісай ауданының кәсіпкерлері ауруханаларға жасанды тыныс алу аппаратын алып беруде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған аудан кәсіпкерлері Асықата ауруханасына 5 кислородтық концентрат алып берді. Ал, ауданның іскер әйелдер кеңесінен құрылған «Іскер Аналар» қайырымдылық қоры ауруханаға 40-литрлік оттегі балонын алуға қаржылай көмек берді. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Қ. Парманқұлов емдеу мекемесіне кислород қоспасын жеткізіп берді. Елдегі жағдайда бей-жай қарай алмаған азаматтар «Бізбіргеміз» ұранымен науқастарға көмек қолын созып, қолдан келген көмектерін аямауда.

Айта кетейік, бұған дейін аудандық мәслихаттың депутаты Жұмағали Төреқұл өз жанұясының атынан Жетісай аудандық орталық ауруханасына құны 700 мың теңгелік жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартқан болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар