Үндістанда көліктердің бірі асфальт астына кетті. Оқыс жағдайдың видеосы көпшіліктің зәресін алған, деп хабарлайды The Times of India басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталы.
The Times of India басылымының ақпаратына сәйкес, оқыс жағдай Мумбаи қаласында болған. Тұрақта тұрған SUV көлігінің кенеттен жер астына кетіп, ғайып болған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп, желіге жария еткен.
Кейін белгілі болғандай, жүргізуші көлігін құдық үстіне қойып кеткен екен. Құдықтың жартысы бетон плитамен жабылып тұрғасын, жұрт онда көлігін қоюды әдетке айналдырыпты.
Салдарынан санаулы секунд ішінде көлік жер астына кіріп кетеді.
Айта кетерлігі, мұндай құдықтар жергілікті өңірлерде жиі кездесіп жатады.
Алайда соңғы күндері болған қатты жауын салдарынан бетон көліктің салмағын көтере алмай, қирай бастаған.
Абырой болғанда, оқыс жағдай кезінде көлікте ешкім болмаған.