10 шіл, 2021 сағат 01:00

Жел, жауын, бұршақ – сенбіге арналған ауа райы болжамы


Қазгидромет 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр күтіледі, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталығында – қатты жаңбыр жауады. 

Еліміздің тек солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста жел, шаңды дауыл күшейеді.

Қызылорда, Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен бірге 15-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі. Ақмола облысының басым бөлігінде жел 15-25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ, дауыл күтіледі. 

Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады, желдің күшеюі 15-28 м/с жетеді. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.