Алматы облысындағы компания ҚХР-дағы бизнес серіктестерімен бірге гуманитарлық көмек ретінде өңірге 60 мың тегін медициналық маска жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Коронавируспен күрес шаралары үшін Қазақстанға жалпы саны 228 мыңнан астам бір реттік пайдаланатын үш қабатты медициналық маска тегін берілді.
«Jiaxin International Resources Investment Co., Ltd» корпорациясының вице-президенті, «Жетісу Вольфрамы» ЖШС атқарушы директоры Назар Терлыганың айтуынша, медициналық масканы жеткізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің, сол сияқты Қызыл Жарты Ай қоғамының тікелей қолдауымен жүзеге асырылған.
«Компания өзінің стратегиялық серіктестерінің бірі «Jiangxi Cooper Corporation» корпорациясымен бірге Қазақстанның Қызыл жарты ай жедел қызметі арқылы көмек көрсетуде. Гуманитарлық көмек көрсету - жұмысымыздың бір бөлігі», - деді ол.
Атап өтсек, аталмыш компания вольфрам кенін өндіруге маманданған. Инвестициялық жоба былтырдан бері Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асырылуда, қазір 400 жұмыс орны ашылған.