12 шіл, 2021 сағат 23:35

Жауын, жел, шаңды дауыл - 9 өңірде ауа райы бұзылады


13 шілдеде Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

13 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында күндіз 13 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. 

13-14 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 13 шілдеде таңертең және күндіз 15-20 м/с, 14 шілдеде кей уақыттарда 15-20 м/с-қа жетеді. 

13 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шанды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

13 шілдеде Ақмола облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді. Көкшетау қаласында 13 шілдеде күндіз қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

13 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шымкент қаласында 13 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с. Оңтүстік-батыста өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

13 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі. Қарағанды қ.: 13 шілдеде найзағай күтіледі. Жезқазған қ.: күндіз 13 шілдеде солтүсік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 16 м/с жетеді.