07 шіл, 2021 сағат 14:13

Жасырын камера, шағын құлаққап, шоколад орамасындағы смартфон: ҰБТ тапсырушылардың қулығы


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ҰБТ барысындағы академиялық адалдықты бұзу фактілерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тестілеу барысында бірқатар академиялық адалдықты бұзу фактілері болған. Атап өтер болсақ, талапкерлердің жасырын камералармен келуі, шағын құлаққаптарды қолдануы, 45 өлшемді кроссовка киіп, ұлтарақтың орнына смартфон салу, медициналық маскалардың ішкі жағына қажетті жазбалар жазу және тағы басқа да әділетсіздіктерге бару орын алды», - деді ол министрліктің аппарат жиналысында. 

Осы орайда вице-министр талапкерлердің үнемі жасайтын әдеттерінің бірі жұқа смарфтонды шоколад орамасына орап алып кіруге тырысу екендігін айтады. 

«ҰБТ-ға мүмкіндігі шектеулі 90 бала қатысты. Олар үшін жеке аудиториялар мен көмекшілер ұсынылды. 9 түсушінің дене қызуы көтеріліп, олар толықтай сауыққаннан кейін тестілеуді басқа күндері қайта тапсырды», - Қуаныш Ерғалиев.