Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін дзюдодан әлем чемпионатының уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
«Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) тамыз айында өтуі тиіс жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатын белгісіз уақытқа кейінге шегерді», делінген хабарламада.
Аталған дода 17-25 тамыз аралығында Түркияда өтеді деп жоспарланған еді.