Жапонияда Синкансэн жүрдек пойыздарының операторлары сапар кезінде қашықтан жұмыс істейтін жолаушыларға арнап ерекше жағдай жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Қазан айынан бастап JR Tokai және JR West теміржол компаниялары «Надзоми» суперэкспресінде қашықтан жұмыс істейтін жолаушылар үшін арнайы бір вагонды береді. Бұл пойыздар Токио, Осака және Фукуока сияқты қалалар арасында қатынайды.
«Кейбір вагондарда тегін Wi-Fi қолдану уақытына шектеуді алып тастайды, сымсыз сигналдар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кодталады. Басқа қосымша қызметтер қатарында дербес компьютерге арналған жұмсақ демеуіш, экранды бөлетін қабырға бар», - делінген хабарламада.
Синкансэннің басқа маршрутындағы операторлар да осындай қызметтерді сынап жатқаны айтылды.
NHK-дің айтуынша, мұндай шешім коронавирус пандемиясы жағдайында адамдардың жұмыс кестесінің әртүрлі болуына байланысты қабылданды. Одан бөлек, теміржол компаниялары сапарға шығатын жолаушыларды қайтару үшін қолға алмақ, себебі індет кезінде синкансэн жолаушылары азайып кеткен.