13 қаң, 2021 сағат 08:25

Жапонияда жүк кемесі суға батып кетті

Жапонияның оңтүстігінде Панама туын ілген құрғақ жүк таситын кеме суға батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жапонияның қоғамдық телеарнасына сілтеме жасап.

Жапондық жағалау күзеті мәліметінше, оқиға Наха қаласынан (Окинава префектурасы) оңтүстікке қарай 870 шақырым жерде болған. Оқиға орнына құтқарушылар бара жатыр. Оларды құрамында 22 адам бар кеме экипажы құтқару шлюпкасында күтіп отыр. Әзірге оқиғаның себептері хабарланған жоқ.