07 қыр, 2018 сағат 08:26

Жапонияда жойқын жер сілкінісінен 16 адам ажал құшты

Жапонияның Хоккайдо аралында жойқын жер сілкінісі болды, 16 адам қаза тауып, 300-ден астамы жарақат алды.

РИА Новостидің NTV (Nihon Television Network) телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлауынша,  Ацума елді мекенінде жер асты дүмпулері 7 балға жетіп, бірнеше рет көшкін жүрді. Іздестіру-құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты.

Жер сілкінісі салдарынан жаңа Читоза әуежайына зақым келіп, уақытша жабылды. Мұнда барлық рейс кейінге қалдырылды

sputniknews.kz