Дүйсенбі күні полиция болжам бойынша өткен аптада Бастыс Жапонияда өзінің олимпиада алдындағы жаттықтыру лагерінен із-түзсіз жоғалып кеткен угандалық спортшының өзі болған жерден шамамен 200 шақырым жердегі JR Nagoya станциясындағы камераға түсіп қалғанын мәлім етті. Бул туралы Kyodo агенттігі хабарлады.
Осако префектурасындағы Идзумисаноға тоқтаған ауыр атлет Юлиус Ссекитолеко жұма күні із-түзсіз жоғалып кеткен. Оны қала тұрғындары мен командасы полицияның көмегімен іздеп жатыр.
Идзумисаноның ресми өкілдерінің айтуынша, ол «Синкансэн» жүйрік пойызына Нагояға дейін билет алған. Ал мұның алдында спортшы Жапонияда қалып жұмыс істегісі келетіні туралы жазған хатын өзі тұрған қонақ үйде қалдырып кеткен.