Сенбі күні Жапонияда болған 7,3 баллдық жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 150-ге жетті, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.
Бұған дейін 124 адам зардап шекті делінген болатын. Жарақат алғандардың көпшілігі – Мияги және Фукусима префектураларының тұрғындары. Мұнда жер асты дүмпулері қатты сезілген. Зардап шеккендердің көбісі – құлап, денелерін көгертіп алғандар.
Жапонияның Ұлттық метеорологиялық басқармасы апта ішінде тағы да жерасты дүмпулерінің болуы мүмкін екенін ескертеді. Қазіргі уақытта олардың саны 20-дан асты.