Жұма күні Жапонияның орталығында магнитудасы 5,0 жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан кем дегенде 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Киодо агенттігі.
Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі шамамен таңғы сағат 9:10-да, Фукуи префектурасында орын алған. Оның тереңдігі шамамен 10 шақырым.
Жапондық сейсмикалық қарқындылық бойынша 5 балдан төмен (7 балдың ішінде) жер сілкінісі Фукуи префектурасының Сакаи қаласында тіркелді.
Фукуи префектурасы үкіметінің мәліметінше, кем дегенде 11 адам жарақат алған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, жарақаттанғандар арасында Фукуи қаласында төсектен құлаған бір жасар қыз бала жақ сүйегінің жеңіл жарақатын алған, ал Сакаидегі 80 жастағы әйел жер сілкінісі кезінде өз үйінде құлап, табаны зақымданған.