Бейсенбі күні Жапонияның Токио қаласында Паралимпиада алауы эстафетасы үшін алау жағу шарасы басталды, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.
Алау эстафетасына байланысты іс-шаралар 24 тамыздан 5 қыркүйекке дейін өтетін Паралимпиада ойындарына серпін беру мақсатында жүргізілді.
Паралимпиада ойындарының алауы Жапониядағы 800-ден астам муниципалитеттен жиналып, Англияның Сток-Мандевилл қаласында – Паралимпиада қозғалысының рухани отанындағы алаумен бірігеді.
Грекияда жағылған олимпиада алауымен салыстырғанда, Паралимпиада ойындарының өткізу орны мен тәртібін әр муниципалитет өзі шешетін болды. Кейбір шаралар мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ғимараттарда және арнайы мектептерде, сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен аудандарда өткізіледі.
Сейсенбіден 20 тамызға дейін Паралимпиада жарысы өтетін төрт префектурада алау жағу шарасы ұйымдастырылмақ.
Ұйымдастырушы мемлекет пен Ұлыбританияда жағылған алау 20 тамызда Токиодағы салтанатты шарада бірігеді.