24 қаң, 2021 сағат 14:34

Жапонияда құрастырылған робот-қасқыр аңдарды үркітіп жатыр

Хоккайдо орталығында көліктерге арналған қосалқы бөлшектерді өндіруші кәсіпорынның аюларды және басқа да жыртқыш аңдарды қорқытуға арналған құбыжық робот-қасқыры ел назарын аударуда, деп хабарлайды KYODO NEWS агенттігі.

Роботтың ұзындығы - 1,2 метр, оны Ohta Seiki Co компаниясы жасаған. Ол 60-қа дейін түрлі дыбыс шығарып, қасқырдың ұлығанын және адам даусын сала алады. Робот басын жарық диодты көздерімен қозғалту арқылы жақындап келе жатқан жануарларды инфрақызыл дабыл бергішпен анықтайды. 

Жапонияда шамамен 70 робот орнатылды, оның ішінде жергілікті тұрғындарды қабандар мазалайтын Окинаваның оңтүстік префектурасындағы Исигаки аралы да бар.

Қосалқы бөлшектерді өндіруші компанияның президенті Юджи Охта жыртқыш аңдардың егінге келтірген залалын бақылау қажеттілігіне байланысты мұндай роботтарға қызығушылық білдіріп отырғандығын айтты. Шет елдер де осынау құбыжық қасқырға сұраныс танытып отыр, соған орай экспортқа шығару да қолға алынбақ.