Сәрсенбі күні Жапония бір тәулікте 2679 адамның коронавирус жұқтырып, 555 адамның симптомдары ауыр екенін хабарлады. Бұл - пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Kyodo News агенттігі.
Токиода инфекцияға шалдығудың 572 оқиғасы тіркелді. Сенбі күні ел астанасында індетке шалдыққан 584 адам тіркелді, бұл да рекордтық көрсеткіш.
Медицина қызметкерлері жетіспегендіктен құрлықтағы күштер өз медбикелерін Жапонияның солтүстігіндегі қалаға жіберді. Олар сол күні-ақ Хоккайдо, Асахикавадағы мекемелерде жұмыс істеуді бастады.
Қорғаныс министрі Нобуо Киси сейсенбі күні GSDF-тің 10 медбикесі Хоккайдо губернаторы Наомити Судзукидің сұранысы бойынша Асахикаваға жіберілетінін мәлімдеді.
Хоккайдодағы ірі қалаларда, сондай-ақ Токио мен Осака сынды қала аудандарында қарашадан бері коронавирус жұқтырғандар санының артқаны байқалады. Оған қоса аурухана орындары мен науқастарға арналған мекемелерде орын тапшылығы байқалуда. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің күйреуіне әкеп соғуы мүмкін деген күдік бар.