25 мау, 2021 сағат 04:02

Жапонияда бір тәулікте 1 млн адам вакцина алды


Жапонияда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға қарсы екпені 1 млн адам алды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Жапония халықты иммундау бойынша ішкі рекордтарды орнатуда. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға қарсы екпені 1 млн адам алды.

Мемлекет билігі шілденің соңына дейін елдің барлық қарттарын, ал қарашаға дейін елдегі барлық ересек тұрғындарды вакцинациялау үшін егу шараларының қарқынын төмендетпеуге ниетті. Қазіргі уақытта 125 миллион жапондықтың тек 18% вакцинаның кем дегенде бір компонентін салдырған.