Жапонияның орталық бөлігінің Айти префектурасындағы Тоёхаси қаласында аурухана қызметкері қателесіп, 80 жастағы жергілікті тұрғынға бір күнде американдық-германиялық Pfizer және BioNTech консорциумы вакцинасының екі дозасын салды. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.
Дәрігер сол күні басқа медициналық қызметкер екпе салған әйелдің жеке куәлігін тексермеген. Бұл ретте вакцинаны қайта егу жанама әсерін тигізген жоқ, дегенмен аурухана қызметкерлері егде жастағы әйелдің денсаулық жағдайын қадағалауда.
Pfizer және BioNTech кеңестері бойынша, вакцинаның екі дозасы үш апталық интервалмен салынуы тиіс.
Жапонияда вакциналау науқаны ақпан айының ортасында басталған. Қазіргі кезде толық иммундау 4,8 млн медициналық қызметкердің тек 1,2 млн арасында ғана жүргізілген (халықтың 1 пайызға жуығы).
12 сәуірде елде 65 жастан асқан тұрғындарға екпе салу басталған. Қазіргі кезде бұл санаттағы 400 мың адамға вакцинаның бірінші дозасы және 15 мың адамға – екінші доза егілген.