26 жел, 2020 сағат 21:03

Жапония коронавирустың жаңа штаммына байланысты елге кіруге шектеу енгізді

Жапония билігі коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты шетел азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Kyodo сайты.

Шектеу шаралары биылғы 28 желтоқсаннан бастап күшіні енеді және 2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін созылады. 

Kyodo-ның жазуынша, сенбі күні Жапонияда коронавирустың жаңа, анағұрлым қауіпті штаммы екі адамнан анықталды. Коронавирустың мұндай түрі алғаш рет Ұлыбританияда тіркелген болатын. 

Сенбіде Жапонияда коронавирустың 3881 жағдайы тіркелді. 47 адам көз жұмды. 

Жалпы ел бойынша пандемия басталғалы жұқпалы індет 219 070 адамнан анықталды.