Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жануарларға қатыгездікті, табиғатқа варварлық көзқарасқа қарсы күреске атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінгі таңда біз азаматтардан орасан зор қолдау алып отырмыз деп сеніммен айта аламын. Жануарларға қатыгездікті, табиғатқа варварлық көзқарасты, әр резонанстық жағдайды азаматтар тез арада хабарлап, жариялап отырады. Бұл – дұрыс. Мұндай фактілерді жасыруға болмайды. Жануарлар мен өсімдіктерге деген осындай көзқарас экологиялық білімнің, экологиялық мәдениеттің жеткіліксіз болуынан туындайды», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Мағзұм Мырзағалиев министрлік табиғатқа, қоршаған орта жағдайына бей-жай қарамайтын азаматтармен белсенді түрде жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.
«Бірлесіп іс-шаралар, сенбіліктер, қоқыстарды тазарту, ағаш отырғызу бойынша акциялар өткізудеміз. Әрине, өткен жылы пандемияға байланысты мұндай шараларды қысқартуға мәжбүр болдық. Биыл осындай акцияларды жиі өткізе аламыз деп үміттенемін», - деді ол.