18 мам, 2020 сағат 08:36

Жансая Әбдімәлік FIDE Online Steinitz Memorial жарысында 2-орынға көтерілді

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан әлемнің бірінші чемпионы атанған Вильгельм Стейницті еске алуға арналған блиц-шахматтан FIDE Online Steinitz Memorial 2020 онлайн-жарысының екінші ойын күніндегі партияларын сәтті өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жансая өткізілген алты партияның ішінде қытайлық Лэй Тинцзе мен Тань Чжонъи, Болгария спортшысы Антоанета Стефанова, ресейлік Александра Костенюк және франциялық Мари Себагты жеңіп, бес рет үздік атанды.

8-ші жарыста 20 жастағы қазақстандық шахматшы екінші күннің қорытындылары бойынша жарыстың әйелдер арасындағы тізімінде 8 ұпаймен алда тұрған Ресей спортшысы Екатерина Лагнодан ұтылды.

Ұпай саны 7,5 болған Жансая Әбдімәлік Костенюк және Тань Чжонъимен бірге екінші орында тұр.