Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қалада Аяз атаны шақырту жайында қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазіргі кезде жаңажылдық іс-шараларға кейіпкерлерді үйге шақыртқан дұрыс емес. Себебі Аяз ата, Ақшақар немесе өзге де кейіпкерлер бір күнде бірқатар нысанды аралап шығады. Олар індеттің сипмтомсыз формасындағы науқастар бар үйлерге де баруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай отбасы мүшелеріне қауіп төндіруі ықтимал. Осы орайда аталған кейіпкерлерде үйге шақыртудан тоқтатқан жөн», - деді Ж. Пірәлиева.