08 қаз, 2020 сағат 13:24

Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жек өткізу үшін Лас-Вегасқа келді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Лас-Вегасқа жетті. Ол 10 қазан күні таңертең аргентиналық Гонсало Кориаға қарсы айқас өткізіп, WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын қорғайды, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

«Біз қазақстандық стильді көрсету үшін Лас-Вегасқа келдік. Ертең салмақ өлшеу рәсімі болады. Біз дайынбыз!», - деп жазды Жәнібек Twitter парақшасына. 

Әлімханұлы өзінің ең соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында Нигерияның тумасы, канадалық Альберто Онолуносеге (24-3-1, 8 КО) қарсы өткізіп, алтыншы раундта қарсыласын нокаутқа жіберген болатын. Кория 2019 жылдың маусымынан бері рингке шықпаған. 

Кейінгі айқасында төрешілердің бірауызды шешімімен мексикалық Маркос Рейесті (37-8, 28 КО) жеңген еді.