13 қыр, 2020 сағат 23:20

Жәнібек Әлімханұлы титулдық айқасына дайындығы туралы айтты

Орта салмиақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4КО) алдағы жекпе-жегіне дайындыққа қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, Ж.Әлімханұлы танымал тәлімгер Джеймс «Бадди» Макгирттің жетекшілігімен Калифорнияда жаттығады. 

«Екі аптада 26 раунд спарринг жасадық. Бұйыртса 64 раунд спарринг қалды. Жекпе-жекке дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр. Чемпиондық титулға жақындап қалдық. Бізге босаңсуға уақыт жоқ. Барымызды салып жатырмыз. Құдай қаласа, тарих жасаймыз. QAZAQ STYLE», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында. 

Жәнібек соңғы айқасын өткен жылдың қараша айында АҚШ-тық Калиформния штаты Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық боксшы Альберт Онолуності (24-3-1, 8КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген болатын. 

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі қазан айында өтуі тиіс.