Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ата-аналардан балаларына ерекеше көңіл бөлуді сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өзін-өзі оқшаулау ережелерін қатаң сақтау керек. Сіздердің назарларыңызды мынаған аударғым келеді, соңғы уақытта коронавирус инфекциясын 14 жасқа дейінгі 40 бала жұқтырған. Яғни, балалар ата-анасыз өздері далаға шығып ойнап, қыдырып келеді. Тіпті инфекция жұқтыру қаупі жоғары жерде жүруі мүмкін. Сондықтан балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Үйден шығуға болмайды. Ата-аналар Сіздерден осыны қадағалауды сұраймын», – деді онлайн брифинг барысында Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.