15 там, 2021 сағат 15:20

Жандарбек Бекшин Instagram-да аккаунт ашты


Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Instagram-да аккаунт ашты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазір халық ақпаратты әлеуметтік желілерден алады, сондықтан мен сіздермен қаламыздың эпидемиологиясы, ауру жұқтыру және қиындықтар туралы барлық жаңалықты Instagram-да бөлісемін", - деді Бекшин парақшаға жариялаған алғашқы видеосында.

Қала тұрғындары алғашқы жазбаға сұрақтар қалдыра бастады.

Еске салайық, Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "қоңыр-қызыл" аймақта орналасқан. Қазір бір күнде қалада бір жарым мыңнан аса коронавирус жағдайы тіркеліп отыр. 

6 тамызда Бекшин қаладағы науқастардың 90 пайызы дельта штамын жұқтырғанын, ал аз бөлігінде ұлыбританиялық және ухандық штамм анықталғанын айтты.