Қазақстанда 3 градусқа дейін үсік жүреді. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Республиканың солтүстік аймақтарында, әлі де салқын ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонға байланысты атмосфералық фронталь бөлімдер ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанған.
"Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-15 градус, күндіз 20-28-ден 15-20 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте түнде ауа температурасы 2-13 градус, 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді, күндіз 15-25 градус, орталықта және шығыста 3-12 градус үсік жүреді, 14 қыркүйекте 3 градус үсік жүреді, күндіз 13-23-тен 20-28 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады", - делінген хабарламада.