23 там, 2021 сағат 13:12

Жаңбыр, бұршақ және жел: синоптиктер үш күнге болжам жасады


Қазгидромет алдағы үш күндегі ауа райына болжам жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің болжамынша, 24-26 тамызда атмосфералық ағымдардың өтуінен республиканың басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түседі, екпінді жел соғады.

Қазақстанның барлық өңірінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты:

елдің батысында түнде +17-22, күндіз +32-39 градус;

солтүстікте түнде +13-18, күндіз +30-35 градус;

орталық пен шығыста түнде +11-17, күндіз +27-33 градус;

оңтүстікте түнде 15-22, күндіз 32-39 градус ыстық.

24 тамызда мегаполистерде ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтанда күндіз күн ашық, кешке аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +20, күндіз +30 градус ыстық.

Алматыда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Түнде +24, күндіз +29 градус болжанып отыр.

Шымкентте күн ашық, түнде +24, күндіз +35 градус ыстық.