Фото: Жазира Байрбекның instagram парақшасынан
Танымал әншілер Жанболат пен Жазира Дубайда қалып қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Өнер иелері Біріккен Араб Әмірліктеріне демалу үшін барған. Алайда Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты елге қайта алмай отырғандарын жеткізді.
Бұл туралы Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған.
"Директке, WhatsApp-қа жазып жатқан туған-туыс, дос-жарандарға үлкен рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Алла қаласа, жақсы күнде жолығамыз. Ниеттеріңізге рақмет!" – деп жазды әнші.
Олар Біріккен Араб Әмірліктеріне кішкентай қыздарымен барған. Жазира Байырбекова бүлдіршінді "мереке қарсаңында салют атылып жатыр" деп алдаусыратып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ол:
"Көзбен көріп, құлақпен естіген қандай қорқынышты", - деп жарылған ғимараттан шыққан қара түтінді де видеоға түсірген.
Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты Дубай әуежайына шабуыл жасалғаны айтылған. Сондай-ақ зымыран соққысынан қонақүй өренгені хабарланды.
