27 там, 2020 сағат 11:31

Жаңа Зеландия: Екі мешітте 51 адамды атып өлтірген Брентон Таррант сотталды

Жаңа Зеландия соты екі мешітте 51 адамды атып өлтірген Брентон Таррантты өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол ел тарихында осындай үкім шығарылған алғашқы адам болды.

Австрияның 29 жастағы азаматы Брентон Таррант 51 адамды өлтіріп, тағы 40 адамды өлтірмек болғаны және лаңкестік әрекет жасағаны үшін айыпты деп танылды, деп хабарлайды ВВС агенттігі. 

Судья оның әрекеттерін «айуандық» деп атады. 

Былтыр наурыз айында тікелей эфир арқылы көрсетілген мешіттегі шабуыл бүкіл әлемді дүрліктірді. 

Таррантқа қатысты сот үкімі Жаңа Зеландия тарихында лаңкестікке қатысты алғашқы айыптау үкімі болған. Елдің әділ сот жүйесінде өлім жазасы қолданылмайды. Бұл қылмыстан кейін Жаңа Зеландияда қару туралы қатаң заңдар шығарылды. 

Таррант сот үкімін шығаруға қатысудан бас тартты. 

Сот үкімін тыңдау дүйсенбі күні басталды, алғашқы үш күн жәбірленушілерді тыңдауға арналған. 

Бұған дейін хабарланғандай, күдікті ер адам өткен жылдың наурыз айында екі мешітке шабуыл жасаған. 

Ол әуелі Әл-Нұр мешітінде оқ жаудыра бастады. 30 cекунд өткен соң, көлігіне қайтып оралған ол басқа қару алып, мешіттің ішіндегі адамдарға қайта оқ жаудырған. Бұл шабуыл Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир арқылы көрсетілген. 

Одан кейін Таррант Линвуд Ислам орталығына барып, онда көшеде жүрген екі адамға оқ атып, одан кейін терезелерге оқ жаудырды. 

Қамауға алынған Таррант полицияға оның жоспары әуелі шабуыл жасап, одан кейін мешіттерді өртеп жіберу болғанын айтты. 

Қылмыскердің тағы бір мешітке шабуыл жасамақ болғаны, бірақ жолда полиция қызметкерлерінің қолына түскені хабарланып отыр.