14 ақп, 2020 сағат 10:28

Жаңа вакцинаны үш-төрт ай сынақтан өткізу керек – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирусқа қарсы қандай шаралар атқарылғанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шын мәнінде, вакцина туралы көп сұрақ қойылады және осы аптада 11-12 ақпанда ДДСҰ Женевада ғылыми зерттеулермен айналысатын ірі мемлекеттік және жеке мүдделі тараптардың қатысуымен вакцинаны зерттеу және әзірлеу бойынша кеңес өткізді. Себебі әңгіме тек вакцина туралы ғана емес. Әлемде ресурс өте көп. Әрине, вакциналар маңызды, бірақ емдеу ісінің маңыздылығы да одан кем емес. Тағы бір маңызды шара – аурудың алдын алу. Барлық күш-жігерді осы үш маңызды бағыт төңірегінде үйлестіру қажет», - деді Ханс Клюге елордада ҚР ДСМ мен ДДСҰ ынтымақтастығы туралы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әдетте вакциналарды қолдану үшін үш-төрт ай сынақтан өткізу қажет.

«Мұндай вакциналарды қазіргі коронавирустарға қарсы қолдануға бола ма, жоқ па, соны анықтаймыз. Мәселен, атиптік пневмония, Таяу Шығыс синдромы бар. Осындай вирустарға қаншалықты пайдалы болады? (...) Қазір бүкіл әлем ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге тырысуда.

Бағасы туралы айтуға әлі ерте, бірақ донор-елдер бұл процеске белсенді қатысуда. Біз барлық ақшаның тек вакцина жасауға жұмсалып, емдеу мен алдын-алуға аз қаражат қалғанын қаламаймыз. Мұндай кешенді тәсіл бізге әлі де қажет», - деді Х. Клюге.