03 қыр, 2021 сағат 19:14

Жаңа қаулы: Вакцина паспорты Қазақстанда жарамды елдердің тізімі жаңарды

көрнекі сурет

Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың тағы бір қаулысы жарияланды. Құжат бойынша Қазақстанда вакцина паспорты жарамды елдердің тізімі жаңартылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулыда Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасының вакцина паспорттары Қазақстан аумағында жарамды екені айтылған.

«Осы қаулымен бірге берілген, 3-қосымша бойынша, құжаттардың үлгілеріне сәйкес Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасы азаматтарының паспорттары/ сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - деп жазылған құжатта.

Құжаттың мәтінімен мына сілтемеден танысуға болады.