Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың тізімі кеңейді, хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құжат бойынша жұмысына «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың жаңартылған тізімі мынадай:
йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
спа-орталықтары; моншалар, сауналар, бассейндер;
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; боулинг клубтары;
кинотеатрлар;
театрлар мен филармониялар;
асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері; облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
бильярд клубтары;
концерт залдары;
ерікті қатысушылар;
караоке;
көрмелер;
океанариум;
марафондар;
көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
әуежайлар;
лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; цирктер;
отельдер, қонақ үйлер; халыққа қызмет көрсету орталықтары; темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
жабық және ашық нысандағы базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер, (персонал) үшін);
букмекерлік конторалар;
сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін);
спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары.
Қаулыда 29 шілдеден бастап жүйеге ерікті ретінде қатысып келген сауда объектілері де «Ashyq» жобасының қатысушылары болып танылатыны айтылған.
Ал жобаға қатысушылардың арасында заң бұзу фактілерінің алдын алу «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүктеліп отыр.