Жамбыл облысында тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін жедел желі нөмірлері жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Төтенше жағдайлар министрлігі, құқық қорғау органдары мен облыстық медициналық қызмет өкілдері жұмылдырылды. Әсіресе, осы жағдайға байланысты тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін: 109 нөміріне қоңырау шалуға болады, WhatsApp желісіне 8-778-810-91-09 нөмірі бойынша хабарлама жіберуге болады. Сондай-ақ, 8 (7262) 54-41-67 сенім телефонына қоңырау шала аласыз", - делінген хабарламада.
Облыс орталығында апат аймағынан эвакуацияланғандар үшін 400-ден аса орын дайындалған. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медицина қызметкері жұмылды.