17 сәу, 2020 сағат 20:10

Жамбыл облысында коронавирустан жазылып шыққандар 6 адамға жетті

Бүгін Жамбыл облысының үш тұрғыны коронавирус инфекциясынан жазылып, үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына сілтеме жасап.

Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, емделіп шыққандардың екеуі — анасы мен ұлы, 1950 және 1979 жылғы Тараз қаласының тұрғындары. Екеуі де 2 сәуірде ауруханаға жатқызылды. 

Үшіншісі - 1991 жылғы Жамбыл ауданының тұрғыны. 

Ауыр жүк тасымалдаушы болып жұмыс істейтін ол Ресейге жүк тасып, Алматы арқылы қайтып оралған. Ол да 2 сәуір күні ауруханаға жатқызылды.

Олар екі апта бойы инфекциялық стационарда болып, ем шараларын қабылдады. Алгоритмге сәйкес, олардан коронавирус инфекциясына екі рет зертханалық талдаулар алынып, қорытындысында аурудан айыққаны расталды. 

Алдағы екі апта бойы олар жергілікті емхананың учаскелік дәрігерінің бақылауымен үй карантинінде болады. 

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 44 науқас ем алып жатыр. Науқастардың жағдайы қалыпты, олар қажетті ем шараларын алып жатыр. 

Жалпы бұл өңірде коронавирустан 6 адам сауығып шықты.