23 сәу, 2020 сағат 08:17

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған екі азамат та карантиндік стационарда жатқан

Бүгін сағат 09:50-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысында екі адам корнавирус жұқтырып алғандығы мәлім болды.

Вирус жұқтырғандар Байзақ және Тараз қаласының 1998 жылғы тұрғындары. Екеуі де өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған, деп хабарлады Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Үй ошақтары бойынша 6 қарым-қатынас жасаған адам анықталды. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, ПТР талдауға сынамалар алынып жатыр. 

23 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 79 адам тіркелген. 31 адам аурудан айығып, қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында.