23 қаң, 2021 сағат 08:39

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Жексенбі, 24 қаңтарда таңертең қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (13-4) UFC-дегі өзінің екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 257 туринрінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы швед спортшысы Амир Альбази (13-1). Бұл айқас Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-ден кейін басталады. Тікелей эфир UFC ресми сайтында көрсетіледі. 

Еске сала кетейік, бұл – Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші айқасы. Алғашқы жекпе-жегінде ол Раулиан Пайвадан (20-3) жеңіліп қалған болатын. 

Амир Альбазиға қатысты айтар болсақ, ол алдыңғы жекпе-жегінде канадалық Малкольм Гордонды (12-5) бірінші раундта жеңген еді. Бұл шведтің UFC-дегі дебюті болды.